Super Bowl LIX жеңімпазы анықталды: Трамп тарихқа енді, Месси жұлдызды қонақтар қатарында болды


"Филадельфия Иглз" Super Bowl LIX чемпионы атанды. Олар 9 ақпанда өткен финалда "Канзас-Сити Чифсті" 40:22 есебімен жеңіп, клуб тарихындағы екінші чемпиондық атағын иеленді.
Жеңіске жету жолында "Иглз" Ұлттық футбол конференциясының (NFC) финалында "Вашингтон Коммандерсті", дивизиондық раундта "Лос-Анджелес Рэмсті", ал уайлд-кард кезеңінде "Грин-Бей Пэкерсті" жеңді. Үшінші рет қатарынан чемпион болуды көздеген "Чифс" Американдық футбол конференциясының (AFC) финалында "Баффало Биллсті" және дивизиондық кезеңде "Хьюстон Тексансты" жеңіп, уайлд-кард кезеңінен бірден өтті.
Плей-офф ойындары 11 қаңтарда басталып, оған 12 команда қатысты. Ал финал Жаңа Орлеандағы Caesars Superdome аренасында өтті.
Super Bowl LIX матчына көптеген танымал жұлдыздар қатысты. Олардың арасында актер Брэдли Купер, комиктер Друски мен Кевин Харт, сондай-ақ "Иглз" аңызы Дешон Джексон болды. Сонымен қатар трибунадан Тейлор Свифт, Jay-Z, Kai Cenat және Лионель Мессиді де байқауға болатын еді.
Daily Mail мәліметінше, Дональд Трамп Super Bowl финалын тамашалаған алғашқы қызметтегі АҚШ президенті атанды.


Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30