locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар халықаралық турнирге қатысады

Басқа спорт түрлері 04 сәу 2025 10:20
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Үстел теннисінен қазақстандық спортшылар халықаралық турнирге қатысады
Фото: olimpic.kz

5–9 сәуір аралығында Чехияның Гавиржов қаласында үстел теннисінен WTT Feeder Havirov халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҰОК-нің баспасөз қызметі

Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы сапынан Кирилл Герасименко, Зәуреш Ақашева, Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Миркадирова, Дастан және Айдос Кенжіғұловтар, Абдулла Мамай, Әнел Бақыт, Санжар Жұбанов пен Сағантай Құрмамбаев ел намысын қорғайды.

Жүлдеге үміткерлер қатарында жұптық сайыста әлем және Еуропа чемпионы Маттиас Фальк (Швеция), Еуропаның екі дүркін чемпионы Маркуш Фрейташ (Португалия), Азия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері Манав Таккар (Үндістан), жастар арасындағы әлем чемпионы әрі Еуропа вице-чемпионы Флавьен Котон (Франция), Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Сато Хитоми (Жапония), Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Изабела Лупулеску (Сербия) және Еуропа чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Наталья Байор (Польша) сынды атақты спортшылар бар.

Словенияда өтіп жатқан WTT Feeder Otocec II халықаралық турнирінде қазақстандық теннисшілер жақсы нәтиже көрсетіп, әсіресе, жұптық сайыста көзге түсті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie