Спорт министрі Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентімен кездесті


Қазақстан ауыр атлетикадағы позициясын нығайтып, ірі халықаралық жарыстарды өткізуге дайындалуда.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Мұхаммед Хасан Джалуд Әл-Шаммари және Азия ауыр атлетика федерациясының Техникалық комитетінің төрайымы Ольга Соловьевамен кездесті. Кездесу барысында Қазақстандағы ауыр атлетиканың дамуы мен алдағы жарыстарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
2025 жылдың шілде айында елде жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Ал 2028 жылы Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл дода Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі болып, спортшыларға рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік береді.
Мырзабосынов халықаралық турнирлер өткізудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан жарыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыратынын жеткізді. Өз кезегінде IWF басшысы елдің ауыр атлетикадағы рөлін жоғары бағалап, ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Кездесуден кейін делегация елорданың спорт нысандарын аралап, жастар арасындағы Азия чемпионаты өтетін Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінің дайындығымен танысты.
27 наурызда Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан әлем чемпионатында жетінші орын алды.

Футбол
Бүгін 16:00
