locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Солтүстік Қазақстан облысы спорт басқармасының басшысы отставкаға кетті

Басқа спорт түрлері 07 қара 2024 05:35
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Солтүстік Қазақстан облысы спорт басқармасының басшысы отставкаға кетті
ФОТО: Getty Images

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов Instagram әлеуметтік желісінде өзінің қызметінен кететінін мәлімдеді.

-Құрметті солтүстікқазақстандықтар, әріптестер, спортшылар және спорт сүйер қауым! Кеше мен үшін дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ретіндегі соңғы жұмыс күнім болды. 4,5 жыл ішінде маған өңірдің үш әкімі - Құмар Іргебайұлы Ақсақалов, Айдарбек Сейпелұлы Сапаров және Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовпен жұмыс істеу бақыты бұйырды. Олардың қолдауының арқасында спортты дамытуда көптеген жетістіктерге жеттік, - деп жазды Сергей Мелехов.

Экс-басшы осы уақыт ішінде Солтүстік Қазақстан облысында әлемдік деңгейдегі чемпиондар мен жүлдегерлер тәрбиеленгенін еске салды: Нұрқожа Қайпанов, Ислам Евлоев, Александр Герлиц және басқалар.

- 2020 жылдан бастап бұқаралық спортты қамту деңгейі 32,1%-дан 42%-ға дейін өсті. Өңірде 11 спорттық-сауықтыру кешені, 11 жабық хоккей корты, спорт интернатына арналған 244 орындық жатақхана, футбол алаңдары, үстел теннисі орталығы салынды. “Қарасай” стадионын қайта құрудың бірінші кезеңі аяқталды, екінші кезең басталды. Жоспарда мұз айдыны мен футбол манежінің құрылысы бар. Жыл сайын 1200-ден астам спорттық іс-шара өткізіледі, - деп қосты Мелехов

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie