Софья Самоделкина: “Қазақстан құрамасына ауысу — Олимпиадаға жол”
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина, 2021 жылғы жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңдерінің жүлдегері, Қазақстан атынан халықаралық аренада дебют жасады. Olympics-ке берген сұхбатында ол Астанада өткен Денис Тен мемориалындағы сәтті өнер көрсетіп, екінші орын алғаннан кейінгі эмоцияларымен бөлісті және ұзақ үзілістен кейін спортқа қайта оралғанына қуанышты екенін айтты.
Софья Қазақстан құрамасына ауысуы бірлескен шешімнің нәтижесі болғанын, шетелде жаттығу мүмкіндігі туралы ұзақ ойланғанын жеткізді. Ол Олимпиада чемпиондарымен жұмыс істеген бапкер Рафаэль Арутюнян туралы көптеген жақсы пікірлер естігенін атап өтті. Самоделкина осы бапкермен жұмыс істей отырып, бала кезден армандаған мақсаты - Олимпиада ойындарына қатысуды жүзеге асыра алатынына сенімді.