Софья Самоделкина Қазақстан атынан Денис Тен мемориалында күміс жүлдеге ие болды
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстан туы астында халықаралық турнирдегі алғашқы медалін жеңіп алды.
17 жастағы спортшы Денис Тен мемориалында өнер көрсетті. “Челленджер” сериясының жарыстары Астанадағы “Барыс Аренада” өтуде.
Әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда Самоделкина күміс жүлдегер атанды. Қысқа бағдарламада ол 63,84 ұпай жинап, үшінші орында тұрды.
Еркін бағдарлама қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы екінші орынға көтерілді. Екінші бағдарламасы үшін ол 125,83 ұпай алып, жалпы 189,67 ұпай жинады.
Жекелей сын бойынша жеңісті 2023 жылғы Еуропа чемпионы, Грузия атынан өнер көрсететін Анастасия Губанова иеленді. Қола жүлдені Италья өкілі Лара Наки Гутманн (188,86) жеңіп алды.
Еске сала кетейәк, бұған дейін Самоделкина Ресейдің атынан өнер көрсеткен болатын, алайда 2023 жылдың жазында Қазақстан азаматтығын алып, осы маусымда ұлттық құрамаға енді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20