Ғұсман Қырғызбаев: Олимпиадаға турист болып бара жатырмыз деп көп айтатын жұрттар


Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев «Sport+» телеарнасына берген сұхбатында жарыс алдында жанкүйерлер тарапынан сенімсіздікке ұшырағанын айтты. Ол Олимпиадада Қазақстан құрамасын «туристтер» деп атаған пікірлерді көргенін, бұл оның мотивациясын арттыра түскенін айтты.
"Олимпиадаға бара жатқанда жанкүйерлерден мақсат жоқ, жай ғана Парижге турист болып бара жатырмыз деген бір пікірді көрдім. Бұл маағн қатты тиіп кетті. Әрине, Елдос Сметов екеуміз де осыған ұқсас пікірлерді көп естідік. Мен: "Кім медаль алады, алмайды соны көрерміз" деп ойладым - деп бөлісті спортшы.
Сметов 60 келі салмақта финалға шықты. Татамидегі басты белдесуде оған Токио-2020 қола жүлдегері француз Лука Мхеидзе қарсы шықты.
Шешуші текетіресте Сметов жеңіске жетті. Елдос ұпай жинап, бұл басымдылығын жекпе-жектің соңына дейін сақтап, ақырында жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Гусман өз кезегінде жартылай финалға шығып, бразилиялық Виллиан Лимадан жеңіліп қалды. Дегенмен, ол медальдар үшін таласқа түсіп, үшінші орын үшін күреске шықты. Бұл айналымда ол сербиялық Страхиня Бунчичпен кездесті. Гусман ұпай жинап, бұл оны жекпе-жектің жеңімпазына айналдырды.

Футбол
Кеше 23:21