Ғұсман Қырғызбаев Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатыспақ


Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін ойындарға қатысуға ниетті.
Оның айтуынша, адамның жасы деген – жай ғана сандар, барлығы да денсаулық пен физикалық күш-қуатқа байланысты дейді ол.
«Егер мен келесі Олимпиадаға барсам, ол кезде жасым 35-те болады. Өздеріңіз білесіздер, Геннадий Головкин қырыққа дейін жұдырықтасты. Криштиану Роналду қырықтан асса да әлі футбол ойнап жүр. Жас деген ол тек сандар ғана. Кім еңбек етеді, бабында болады – сол жеңіске жетеді», - деді Қырғызбаев Sport+ телеарнасына берген сұхбатында.
Десе де, Олимпиада жүлдегері Парижден оралғалы бері әлі бірде-бір жарысқа қатысқан жоқ. Жанкүйерлері оны татамиден емес, той-томалақтан жиі көретін болған.
20-21 наурыз күндері Семей қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан алғашқы республикалық Abai Open турнирі ұйымдастырылды.