locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар 7 медаль жеңіп алды

Басқа спорт түрлері Кеше 02:19
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар 7 медаль жеңіп алды
ФОТО: Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM)

Қазақстан құрамасы әскери қызметшілер арасындағы 37-ші Әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алды.

Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан атынан 17 спортшы қатысқан әскери қызметшілер арасындағы 37-әлем чемпионаты 18-24 қараша аралығында Ереванда өтті. Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) ұйымдастыруымен өткен жарысқа 21 елден келген 400-ге жуық спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасы турнирде жеті медаль жеңіп алды, оның үшеуі – алтын. Еркін күресте Мейіржан Әшіров (70 кг) финалда Үндістан өкілін жеңіп, чемпион атанса, Камиль Қуруглиев (97 кг) Иран спортшысын жеңіп, алтын медаль иеленді. Грек-рим күресінде алтын медальді Әлімхан Сыздықов (130 кг) финалда Иран өкілінен басым түсіп, жеңіп алды.

Қола медальді Қазақстан құрамасына еркін күресте Рүстем Мирзагалиев (86 кг), грек-рим күресінде Айдос Сұлтанғали (60 кг), сондай-ақ әйелдер күресінде Светлана Анкичева (50 кг) мен Марина Седнева (55 кг) алып келді.

Жалпы нәтижелер бойынша Қазақстан құрамасы 37-әлем чемпионатында грек-рим және еркін күрестен командалық есепте 20 команданың ішінде 5-орынға тұрақтады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie