Шетелдік спортшыларға бюджеттін ақша берілмейді
Қазақстан азаматыемес спортшыларға мемлекеттік бюджеттен бір теңге де бөлінбейді. Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектордан да шетелдік спортшылар қаржыландыру толықтай тоқтатылды. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев мәлімдеді.
“Бұл норманы депуттар толыққанды бір ауыздан қолдады. Біз дауыс бердік. Бұл норманы қабылдадық, Үкімет отырысына жібердік. Үкімет бұл нормалармен келісіп жатыр. Себебі, бұл мәселе жайлы Мемлекет басшысы да сынап өтті. Егерде кәсіби клубтар шетелдік спортшыны ұстағысы келсе, ұстама демейміз, бірақ мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың есебінен мүлде ұстауға болмайды. Сондықтан осы екі норманы Мәжіліс депутттары енгізді. Бұл біздің авторлық нормамыз және қолдау тапқанын айтқымыз келеді”.
Депутаттың айтуынша, елдегі спорттағы түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған 51 норма енгізілген. Сондай-ақ, бұқаралық спортқа бөлінетін қаржы көлемі аз.
“Біздің елімізде жоғарғы жетістіктер әкелетін спорт түрлерінде ақша өте көпте. Бірақ, бұқаралық спортқа, балалар спортына бөлінген ақша түкке жетпейді. Бірнеше есе аз”.
Енді заңға сәйкес басқа елден келген спортшылардың жалақысы да, бонустары да, тіпті трансфер төлемдері де қазынадан қаржыландырылмауға тиіс.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52