Шавкат Рахмонов өзінің бала күнгі сүйікті боксшысы жайлы айтты
UFC-дің 77 кг дейінгі салмақта деңіліс көрмеген қазақстандық файтері Шавкат Рахмонов балалық шағынан бастап аты аңызға айналған ресейлік аралас жекпе-жек шебері Федор Емельяненконың жекпе-жектерін көріп, оның жанкүйері екенін айтты.
“Балалық шақтан бері Федордың жанкүйері болдым. Оның қалай төбелескені ұнайтын. Оның жекпе-жектерін дискілерге жазып алып, барлығын көретінмін. Маған оның өзін-өзі ұстауы, шабуылдауы және жұмыс істеуі ұнайды”, — деді Шавкат YouTube арнасындағы adam zubayraev-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шавкат UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммедпен кездесуді жоспарлады. Алайда бірнеше күн бұрын Белалдың денсаулығына байланысты жекпе-жекке қатыса алмайтыны белгілі болды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52