locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Серік Сәпиев Қазақстанның Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті болып сайланды

Басқа спорт түрлері 27 сәу 2025 12:23
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Серік Сәпиев Қазақстанның Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің президенті болып сайланды
ФОТО: IG Серик Сапиев

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиадалық комитетінің кезектен тыс конференциясы өтіп, онда маңызды шешім қабылданды - ұйымның жаңа президенті ретінде аты аңызға айналған боксшы, Лондон-2012 Олимпиадасының чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев тағайындалды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқаратын Сәпиев енді еліміздегі сурдлимпиадалық қозғалысты дамыту ісіне жетекшілік етеді. Айта кетейік, Қазақстанның саңырау спортшылары осы күнге дейін халықаралық ареналарда талай жетістікке жетіп, ел абыройын асқақтатып жүр.

Конференция барысында комитеттің жаңа басшылық құрамы да бекітілді. Вице-президенттер лауазымына Достан Ибрагимов пен Руслан Ищанов және бірқатар басқа мамандар сайланды, ал бас хатшы қызметін Айжан Чокина атқаратын болды.

Серік Сәпиев жаңа қызметі жайлы өз әлеуметтік желісінде пікір білдірді.

«Мен сіздермен соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді. Мен Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Бүгін Президент ретінде кезектен тыс Конференцияда Комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім. Туризм және спорт министрлігіне, және де бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін! Сурдлимпиадашылар Алға!», — деп жазды Олимпиада чемпионы.

Қазақстанның сурдлимпиадалық спортшылары осы уақытқа дейін жазғы және қысқы сурдлимпиада ойындарында 42 медаль жеңіп алған, оның ішінде 8 алтын бар. Сондай-ақ Азиаттық-Тынық мұхит аймағы ойындарында 27 жүлде иеленген.

Сонымен қоса, Қазақстан ҰОК Атқару комитетінің жаңа құрамы бекітілді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie