Сананың сербиялық клубы Кубокта жеңіліс тапты
Қазақстандық волейболшы Сана Анарқұлова ойнайтын сербиялық “УБ” командасы Сербия Кубогының 1/4 финалында өз алаңында ВК “Тент” командасынан жеңіліс тапты. Ойын нәтижесі чемпионат көшбасшысының пайдасына 3-1 (25:22, 19:25, 25:22, 25:17) есебімен аяқталды. Қазіргі таңда төрт турдан кейін “Тент” қосымша ұпайлар бойынша Сербия чемпионатында “Црвена Звезданы” басып озып, бірінші орында тұр.
Бұл кездесуде Қазақстан құрамасының капитаны 11 ұпай жинады. Турнир регламентіне сәйкес командалар тағы бір ойын өткізеді. Егер ВК “Тент” жеңіске жетсе, жартылай финалға жолдама алады. Ал “УБ” командасы 20 қарашада реванш алса, шешуші үшінші ойын өтеді.
Айта кетейік, “УБ” Сербия кубогын соңғы рет 2023 жылы жеңіп алған, ал қазіргі таңда бұл трофейдің иегері - “Йединство командасы.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20