locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Самоделкина ӘЧ-2025 жайлы: Бұл нәтиже – алға басқан маңызды қадам

Басқа спорт түрлері 31 нау 2025 13:59
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Самоделкина ӘЧ-2025 : Бұл нәтиже – алға басқан маңызды қадам
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Бостон қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін қорытындылады.

Спортшы екі бағдарлама нәтижесі бойынша 181,36 ұпай жинап, 14-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш оған 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындауға мүмкіндік берді.

«Бұл нәтиже мен үшін жай ғана сандар емес, маңызды тәжірибе мен үлкен мотивация. Мен қай бағытта жұмыс істеу керектігін білемін және одан әрі даму үшін бар күшімді саламын. Бұл – тек менің жеке жетістігім ғана емес, сонымен қатар қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың дамуына қосқан үлесім», – деп жазды Самоделкина әлеуметтік желілерде.

Самоделкинаның әлем чемпионатындағы өнері Қазақстан спорты үшін маңызды жетістікке айналып, елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтты.


Сонымен қатар, бапкер Рафаэль Арутюнян Самоделкинаның ЧМ-2025-тегі дебютіне баға берді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie