Ризабек АЙТМҰХАН: “Шавкат Усманға күресте мүмкіндік бермейтін сияқты көрінеді”
Қазақстан тарихындағы алғашқы еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, Шавкат Рахмоновтың нигериялық Камару Усманмен промоушеннің уақытша чемпиондық белбеуі үшін өтетін жекпе-жектегі мүмкіндіктерін бағалады.
- “Мен Шавкаттың жеңетініне сенгім келеді. Оған сенемін. Маған Шавкат Усманға күресте мүмкіндік бермейтін сияқты көрінеді. Рахмонов соңғы жылдары күресте айтарлықтай жетістіктерге жетті. Шавкат UFC чемпионы болуға дайын,” - деді Ризабек Айтмұхан.
Белал Мұхаммедпен кездесуі кейінге шегерілгеннен кейін Шавкат Рахмонов әзірше UFC-де жаңа қарсыласын күтуде. Рахмонов уақытша чемпиондық белбеу үшін жартылай орта салмақта Камару Усманмен жекпе-жек өткізуді қалайды екенін жеткізген болатын.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20