locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты

Басқа спорт түрлері 29 нау 2025 07:49
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: olimpic.kz

Ризабек Айтмұхан Иордания астанасында өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатының ақтық сынына шықты.

Ол 97 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында U20 санатында 2 дүркін Азия чемпионы, ирандық Мұхаммадмобин Голамәли Азимиді жығып, осы Амман бозкілемінде кеткен есесін қайтарды. Есеп: 2-0.

Екі палуан 2023 жылы тамызда Иордания астанасында U20 жас санатындағы сары құрлық бәсекесінің финалында күш сынасқан. Аса шиеленісті белдесу 4-5 есебімен ирандықтың пайдасына аяқталған.

Ризабектің финалдағы қарсыласы Араш Йошида (Жапония) болмақ. Финалдық бәскелер 20:00-де басталады.

Еске сала кетейік, Ризабек 2023 жылы Астанада өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.

Рахат Қалжан Азия чемпионатының қоласы үшін күреседі.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie