locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорттық атақтар жүйесін реформалауды жоспарлап отыр

Басқа спорт түрлері 05 жел 2024 02:32
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорттық атақтар жүйесін реформалауды жоспарлап отыр
ФОТО: olympic.kz

Мәдениет және спорт министрлігі спорттық атақтар мен санаттар беру жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа бұйрық жобасын әзірледі.

Құжат көптеген спорт түрлеріне өзгерістер енгізуді қарастырады. Атап айтқанда, көркем гимнастика мен спорттық акробатикада республикалық аккредиттелген спорт федерациялары әзірлеген ұпайлық бағалау жүйесі енгізіледі. Қазіргі таңда бұл спорт түрлерінде атақтар мен санаттар тек жүлделі орындарға байланысты беріледі.

Сонымен қатар, жаңа ережелер барлық спорт түрлері үшін – олимпиадалық, паралимпиадалық, ұлттық, олимпиадалық емес, техникалық, әскери-қолданбалы және басқа да санаттарға біріздендірілген тәсіл енгізуді көздейді.

Жаңа бұйрық талаптарын орындаған спортшылар, соның ішінде жаңа ережелер күшіне енгенге дейінгі жарыстарда қол жеткізген нәтижелер негізінде атақтар мен санаттарды алуға құқылы болады.

Құжаттың 2025 жылдың қаңтарында бекітілуі күтілуде.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie