QJ League өткен маусымның үздіктерін салтанатты түрде марапаттады
Алматыда Қазақстанның жасөспірімдер лигасының маусымдық қорытындысына арналған QJ League Awards 2024 салтанаты өтуде, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Бұл маусымда QJ League үздік ойыншыларды, қақпашыларды және бапкерлерді лайықты атақтармен марапаттады.
“Ордабасы” шабуылшысы Бақдәулет Нұралы үздік сұрмерген атанды. Ол 21 ойында 22 гол соғып, лиганың бір маусымдағы рекордын жаңартты.
“Шахтер” командасының қақпашысы Ян Лалов 20 матчта 22 гол жіберіп, 8 ойында қақпасын “құрғақ” ұстап, маусымның үздік қақпашысы атағына лайық деп танылды.
“Қайрат” клубының қорғаушысы Әмірбек Базарбаев 17 матчта 4 гол соғып, 1 ассист жасап, 78% дәл пас және 58% жеңісті жекпе-жек көрсеткіштерімен маусымның үздік қорғаушысы атанды.
“Шахтер” клубынан Роман Асылбаев 19 ойында 10 гол, 7 нәтижелі пас авторы атанды және 69% дәл пас, 38% тиімді дриблингпен үздік жартылай қорғаушы болып танылды.
“Тараз” командасының шабуылшысы Нұрдәулет Орынбасар 16 ойында 15 гол соғып, 4 ассист беріп, 55 соққы орындап, лиганың үздік шабуылшысы атағын иеленді.
Өткен маусымның үздік бапкері ретінде “Қайрат” клубын қатарынан екінші чемпиондыққа жеткізген Русланжан Раимбеков танылды.
“Үздік сейв” номинациясында “Оңтүстік” қақпашысы Артем Панца жеңімпаз атанды. Ол бұл сейвті лиганың екінші турында “Елімайға” қарсы матчта жасады.
Маусымның ең үздік голының авторы “Ордабасы” ойыншысы Ахан Серік деп танылды. Ол 21-турда “Тобыл” қақпасына шешуші гол соғып, шымкенттік командаға күміс медаль сыйлады.
Маусымның “Ең құнды ойыншысы” атағына “Қайрат” және Қазақстан U-17 құрамасының жартылай қорғаушысы Дастан Сатпаев ие болды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52