locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Полина Кузубова жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Басқа спорт түрлері 18 сәу 2025 00:15
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Спортты дамыту дирекциясы

13–19 сәуір аралығында Сауд Арабиясының Даммам қаласында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының алтыншы маусымы өтіп жатыр.

Бұл додаға Қазақстан құрамасы да қатысуда. Ел намысын қорғап жатқан он спортшы мен үш бапкер – барлығы Астанадағы Олимпиадалық даярлық орталығының өкілдері.

Сол орталықтың атлеті Полина Кузубова жетісайыста алтын жүлде иеленіп, барлық кезеңде тұрақты нәтиже көрсетіп, дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.

Кузубованың жеңісі – Қазақстан құрамасы үшін маңызды жетістік. Бұл елдегі жас спортшыларды кәсіби деңгейде дайындау жүйесінің дұрыс жолға қойылғанын айғақтайды.

Қазақстандық самбошылар Азия мен Мұхит чемпионатының төртінші күнінде 27 медаль жеңіп алды

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie