Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев әке атанды
Басқа спорт түрлері
05 сәу 2025
05:37

Наурызбай Қанатұлы

Фото: olimpic.kz
Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев үшінші рет әке атанды
Бұл туралы спортшы өзінің instagram-парақшасында жазып, қуанышымен бөлісті.
«Аллаға шүкір ұлды болдым. Бауы берік болсын», - деді Ғұсман Қырғызбаев. Дзюдошының отбасындағы бұл үшінші бала.
Ғұсман Қырғызбаев 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп, ол өз мансабындағы ең ірі жеңістерінің біріне қол жеткізді.
Ғұсман Париждегі Олимпиада ойындарынан кейін әлі жарыстарға қатыспады. Көп демалысына байланысты сол себепті Азия чемпионатына қатыспайтынын айтқан болатын.
Ғұсман Қырғызбаев Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатыспақ
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек