locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Парадзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық Даяна Федосова екі дүркін Паралимпиада чемпионын жеңді

Басқа спорт түрлері 13 мам 2025 02:31
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Даяна Федосова
Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті

Астанада дзюдодан IBSA World Championships Astana 2025 басталды. Қазақстандық Даяна Федосова өзінің алғашқы жекпе-жегінде екі дүркін Паралимпиада чемпионын жеңді.

60 келі салмақта сынға түскен Даяна Федосова 1/8 финалда Германиядан келген қарсыласы Рамона Брюссигтпен кездесті. Диана мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Пара дзюдодан өнер көрсететін 23 жастағы қазақстандық Даяна Федоссова 2024 жылы қыркүйекте Парижде 2024 жылы өтетін Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды.

2025 жылдың 13-15 мамыры аралығында Астанада дзюдодан IBSA бойынша бірінші әлем чемпионаты Астана 2025 өтеді.

Турнир лицензиялық мәртебеге ие және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарының біліктілік жүйесінің бөлігі болып табылады.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында Ақмарал Науатбек, Ерғали Шәмей, Даяна Федосова, Жұрқамырза Шұқырбеков және т.б.

Бұған дейін парадзюдодан Қазақстан құрамасы ірі халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсеткен болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie