Панарин жаңа белестерді бағындыруға дайын: бапкер қазақстандықтың жоспарлары мен жеңістері туралы
Қазақстанның бадминтоннан ұлттық құрамасының бас бапкері Асқар Орманов Дмитрий Панариннің халықаралық турнирлерге қатысу жоспары жайлы айтты.
“Бұл өте маңызды жеңіс. Олимпиада ойындарынан кейін біраз уақыт жоғалтып алдық, сондықтан Дима әлемдік рейтингте төмендей бастады. Әрине, аздап ғана. Бірақ позициялардың төмендегені анық.Ол екі турнирді жоғары деңгейде өткізді.
Солардың бірінде бірінші орын алды. Осы жарыстың алдында ол Гран-при сериясының кезеңінде өнер көрсетті. Сол турнирде Панариннің жинаған ұпайларлары, рейтингте қайтадан жоғары көтерілуіне мүмкіндік берді.
Біз оны осы деңгейде ұстап тұруды жоспарлап отырмыз, болашақта бізге әлдеқайда жеңілірек болуы үшін. Жаңа олимпиадалық циклде ол өз жолын қайталап қана қоймай, көрсеткіштерін жақсартып, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп үміттенеміз.
Замбиядан кейін Дима алдағы турнирге қатысу үшін Бахрейнге кетті”, – деді маман Olympic.kz-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Қазақстандық спортшы Zambia International Challenge 2024 турнирінде жеңіске жетіп, финалда Әзірбайжан өкілі Дики Дви Пангестуді жеңді.
Биыл Панарин Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысып, бадминтоннан Олимпиадаға жолдама алған алғашқы қазақстандық атанды.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49