Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы жарыс өтеді
Басқа спорт түрлері
08 сәу 2025
13:16

Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор

ФОТО: Kazakhstan Judo Team
11-12 сәуір күндері Қостанайда Қазақстан Республикасының VI жастар спорт ойындарында дзюдо бойынша жарыстар өтеді.
Жастар арасында спортты дамытуға бағытталған шара «Қостанай» спорттық ойын-сауық кешенінде өтіп, екі күнге созылады. Жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 240-тан астам жас дзюдошлар қатысады.
Жарыс ұлдар мен қыздар арасында 14 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Барлық жекпе-жектер федерацияның ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Наурыз мерекесіне және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бауыржан Жаналиннің рухына арналған 23 жасқа дейінгі жас спортшылар арасындағы халықаралық дзюдо турнирі 25-27 наурыз күндері Талдыкорғанда өткен болатын.
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек