Қорғаныс министрі Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясын басқарды
Қорғаныс министрі Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясын басқарды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Руслан Жақсылықовтың кандидатурасына федерацияның барлық мүшелері бірауыздан дауыс берді. Бұл қызметте ол Айдос Ақжановтың орнына келді.
Қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысы Руслан Жақсылықов - дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.
"Федерация мүшелеріне нәтижелі жұмысы мен маған көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіремін. Спорттық және жауынгерлік самбоны әскери және құқық қорғау қызметінде жеке құрамды даярлау жүйесіне енгізу жоспарлануда. Біз спорттың осы түрін, оның ішінде әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде ауқымды дамыту бойынша үлкен жұмыс атқаруымыз керек",- деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Футзал
Бүгін 15:15
Хоккей
Бүгін 12:33
Теннис
Бүгін 12:08