Олжас Бектенов қазақстандық паралимпиадашылар мен олардың бапкерлерін мемлекеттік наградалармен мара
8 қыркүйекте Парижде 2024 Паралимпиада ойындары аяқталды. Қазақстандық жүлдегерлер мен олардың бапкерлері бүгін Астанада ордендермен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
"ҚР Президентінің Жарлығымен I дәрежелі "Барыс" орденімен парапауэрлифтингтен еліміздегі алғашқы екі дүркін чемпион Дэвид Дегтярев, III дәрежелі "Барыс" орденімен - Париж Паралимпиада ойындарының чемпионы және парадзюдодағы алғашқы алтын иегері Ақмарал Науатбек марапатталды.
Күміс медаль жеңіп алған мерген Еркін Ғаббасов, жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали және дзюдошы Шамей Ерғали "Парасат" орденінің иегерлері атанды. "Құрмет" орденімен қола жүлдегерлер - Дастан Мұқашбеков, Зарина Райфова, Даян Федосова және Жұрқамырза Шүкірбеков марапатталды.
Ұлттық құраманың бас жаттықтырушылары мен спортшылардың жеке жаттықтырушылары да жоғары марапаттарға ие болды. 5 тәлімгер "Парасат" орденімен, жетеуі "Құрмет" орденімен, екі жаттықтырушы ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды: Юрий Колесников, Давид Дегтяревтің жеке жаттықтырушысы; Айдын Анапин, Ақмарал Науатбектің жеке жаттықтырушысы; Дәурен Оразов, Ерғали Шамейдің жеке жаттықтырушысы; Саттар Бейсембаев, Нұрдәулет Жұмағалидің жеке жаттықтырушысы; Мүслім Сәрсембеков, Еркін Ғаббасовтың жеке жаттықтырушысы; Сергей Безгачев, Дастан Мұқашбековтың жеке жаттықтырушысы; Қанат Сағындық, Даяна Федосованың жеке жаттықтырушысы; Абылай Шунаев, Парапулдық атудан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері; Михаил Бурчалин, парапулдық атудан аға бапкер; Артур Томицкий, парапауэрлифтингтен ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері; Жайдар Сайлаубаев, парадзюдодан жаттықтырушы; Жандос Қиянов, парадзюдодан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері; Айдар Картпаев, паражүзуден ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері; Тахир Мамашаев, пара жеңіл атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері",- деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми телеграм-арнасы
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшылар Париждегі Паралимпиада ойындарының 9 медаль жеңіп алды, бұл қазақстандық спорт үшін барлық уақыттағы ең үздік нәтиже.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35