locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Олимпиада-2024: Қазақстандық шахматшы қыздар Францияны сенімді түрде жеңді

Басқа спорт түрлері Бүгін 16:46
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО:  IG chessnews.info

Қазақстан әйелдер шахмат құрамасы Олимпиада-2024 турнирінде сәтті өнер көрсетуді жалғастыруда. 8-турда команда Францияны 2,5:1,5 есебімен жеңіп, сегіз матчтың жетеуінде жеңіске жетті. Қазақстандықтар 14 ұпай жинап, турнир кестесінде үздік үштікке кірді, деп хабарлайды metaratings спорт порталы.

Жеңіске үлкен үлес қосқан Алуа Нұрман екінші тақтада қарсыласын жеңсе, Әмина Қайырбекова тең нәтиже көрсетті. Бірінші тақтада Бибісара Асаубаева да тең ойнады, ал Меруерт Камалиденова жеңіліс тапты.

20 қыркүйекте 9-турда Қазақстан құрамасы Польшаға қарсы ойнайды. Польша құрамасының да 14 ұпайы бар және олар Үндістанмен бірге көш бастап тұр. Бұл матч турнир кестесіндегі командалардың орындарын анықтауда маңызды болмақ.