locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Олимпиада жүлдегері Нариман ҚҰРБАНОВ: "Шынымды айтсам, автотұрағым көлікке толып қалды"

Басқа спорт түрлері Кеше 11:32
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Олимпиада жүлдегері Нариман ҚҰРБАНОВ: "Шынымды айтсам, автотұрағым көлікке толып қалды"
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасындағы жетістігінен кейін алған сыйлықтары туралы айтты.

“Олимпиададан кейін маған алдымен әкімдік көлік сыйлады. Кейін федерация мен Allur тағы бір көлік тарту етті. Сол көлікті бірден әкеме сыйладым, себебі бұл көлік оған өте қолайлы деп ойладым. Қателеспеген екенмін, әкем оны қатты ұнатты. Кейінірек кәсіпкерлермен кездесіп, олар маған Toyota Highlander көлігін сыйлады. Қазір бұл көліктердің барлығы тұрақта тұр. Шынымды айтсам, автотұрағым көлікке толып қалды, өйткені менде бұрыннан бір көлік бар еді,” — деді Нариман Құрбанов.

Сондай-ақ, ол көліктерді сатуды жоспарлап жүргенін де жасырмады.

“Бұл көліктерді сатуды ойлап жүрмін, бірақ оған әлі уақыт болған жоқ. Қазір жұмыс көп. Болашақта шешімін табамын,” — деп түсіндірді гимнаст.

Пәтер мәселесі туралы да пікір білдірген Нариман:

“Олимпиададан кейін кәсіпкерлер маған пәтерге сертификат сыйлады. Олар өздері ұсынған пәтерді алуыма немесе сертификатты сатып, өзім қалаған пәтерді алуыма мүмкіндік берді. Сертификатты анама сыйладым. Қазір анама ұнайтын пәтерді іздеп жатырмыз. Сертификатты міндетті түрде пайдаланамыз,” — деп пікір білдірді Нариман Құрбанов Ақырыс Сейітқазының YouTube арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының финалында ат снаряды жаттығуында 15,433 ұпай жинап, күміс медаль иеленген еді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie