locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды

Басқа спорт түрлері Кеше 01:01
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
Ольга Рыпакова Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті болып тағайындалды
ФОТО: gettyimages.com

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылды қорытындылау жиыны өтті. Іс-шараға федерацияның президенті Даниал Ахметов, облыстық федерация басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты.

Отырыста Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын аяқтайтынын жариялап, федерация президенттігіне Рио Олимпиадасының чемпионы, атақты жеңіл атлет Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының жетекшілері мен спорт саласының өкілдері, О. Рыпакованың кандидатурасын толық қолдады.

Министр Ербол Мырзабосынов Даниал Ахметовке федерацияны басқарудағы жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, президенттікке тағайындалған Ольга Рыпаковаға алдағы қызметінде сәттілік тіледі.

“Жеңіл атлетика – елдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда 360 мыңнан астам отандасымыз дәл осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысады. Сондықтан біз бұл спортты жаңа деңгейге көтеріп, оның халықаралық аренада танымалдылығын арттыруымыз қажет. Бүгінгі жиында федерацияның жұмысына қатысты маңызды өзгерістер болып жатыр. Федерацияны бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен кетіп жатыр. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Даниал Кенжетайұлының басшылығымен біздің атлеттер халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетті. Енді федерация президенттігіне Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келіп отыр. Ольга Сергеевнаның отандық жеңіл атлетиканың дамуына қосқан үлесі мол. Алдағы уақытта да еліміздің жеңіл атлетика спортын биіктерге көтереді деп сенеміз”, - деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie