Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионатында алтын алды
Басқа спорт түрлері
30 нау 2025
12:10

Асылхан Тоқсанбек
Редактор

ФОТО: Olympic.kz
Нұрқожа Қайпанов – үш дүркін Азия чемпионы атанды.
Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды.
74 келіге дейінгі салмақта белдескен Қайпанов финалда Қырғызстан балуаны Орозок Токиомамбетовпен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл оның Азия чемпионаттарындағы үшінші алтын медалі.
Бүгін, 30 наурыз, боз кілемге тағы екі қазақстандық балуан шығады: Болат Сақаев 86 кг салмақта алтын үшін күрессе, Азамат Даулетбеков 92 кг салмақта қола медаль үшін белдеседі.
Танымал жаңалықтар

Басқа спорт түрлері
Бүгін 09:05

Теннис
Бүгін 08:51

Теннис
Бүгін 07:51
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек