Нұрлан ҚОЯНАБЕВ: “Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр”
Белгілі кинопродюсер, актер, Нұрлан Қоянбаев бюджеттен миллиардтаған қаржы алатын, хоккейшілерімен, велоспортшыларға ашулы екенін айтты.
-“Барыc” неше жыл бюджеттен ақша алып жатыр? Неге журналистер осыған мән бермейсіздер? Құрама нәтиже көрсетпейді! Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Миллиардтаған ақша айтысқа немесе көкпарға бөлінсін! Қазақстанда бюджеттен ең көп ақша алатын команда, үйде 1-10 болып ұтылып жатыр», - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.
Нұрлан Қоянбаев “Астана” велокомандасының құрамында бірде-бір қазақ азамат жоқ екенін алға тартты.
- “Астана велокомандасы да жүр жыл сайын бюджеттен ақша алып. Араларында бір қазақ жоқ, нәтиже де жоқ. Құрметті журналистер осыларға мән берейікші”, - деп жазды ол.
Қазіргі уақытта “Барыс” ХК турнирлік кестеде соңғы орында.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52