locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нариман Курбанов:"Маған елім үшін бір нәрсе жасау, пайдамды тигізу маңызды болды"

Басқа спорт түрлері 10 қыр 2024 16:17
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Нариман Курбанов:"Маған елім үшін бір нәрсе жасау, пайдамды тигізу маңызды болды"

Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов жас ұрпақпен өзінің табысқа жету жолын, қиындықтарды жеңуін және жеңіске жеткізген мотивациясын бөлісті.

"Өткен олимпиадалық циклдарда мен көп қателіктер жібердім, бірақ сонымен қатар көптеген жеңістерге де жеттім. Олимпиада финалына шығу үшін көп еңбектендім. Денеме өз жұмысын істеуге мүмкіндік беріп, медаль жеңіп алдым. Маған елім үшін бір нәрсе жасау, пайдамды тигізу маңызды болды. Көп нәрсе адамның ойына байланысты екенін айтқым келеді. Психологиялық күйімнің дұрыс болмауынан көп қателіктер жасадым және сол үшін үнемі жұмыс істедім, жұмыс істедім және тағы да жұмыс істедім. Нәтиже үшін, өзім үшін, елім үшін тыңбай еңбек еттім.

Одан кейінгі тарихты білесіздер – мен Олимпиада медалін жеңіп алдым. Барлық қиындықтарды жеңе алғаныма мақтанамын. Ешнәрсе де бекер болған жоқ. Бүкіл еңбегім ақталды".

9 тамызда Нариман Курбанов ЮНЕСКО ұйымдастырған «Спорт жастардың әлеуметтік интеграциясының құралы ретінде: көшпенді мәдениет сабақтары» атты халықаралық конференцияға қатысты.