locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров тарихи каскады және Алексей Урмановпен жұмысы туралы айтты

Басқа спорт түрлері 07 қара 2024 04:19
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров тарихи каскады  және Алексей Урмановпен жұмысы туралы айтты
ФОТО: gettyimages.com

Өткен Франция Гран-придінде Қазақстан құрамасының жетекшісі Михаил Шайдоров әлемде алғаш рет “үштік аксель + төрттік тулуп” каскадын орындады.

“Матч-ТВ” хабарлауынша, 20 жастағы алматылық мәнерлеg сырғанаушы осы тарихи элементке дайындалғанымен, бірнеше себептерге байланысты орындауға асықпаған.

"Каскадты бағдарламаға екі маусым бұрын қосуды жоспарладым, бірақ сол кезде дайындық пен форма жетіспей, оны орындау кезінде басқа элементтерді дұрыс жасауға мүмкіндік болмады. Биыл өзіме бұл элементті орындауды мақсат етіп қойдым. Маған бұл сәтті шықты, өте қуаныштымын, әрі болашақта да оны бағдарламамда сақтауға тырысамын. Маусым бойы техникалық және көркемдік бөліктерін жетілдіріп отырамын", — деді Михаил Шайдоров.

Белгілі болғандай, Шайдоров ұзақ уақыт бойы Олимпиада чемпионы Алексей Урмановтың жетекшілігімен жаттығады.

“Алексей Евгеньевичпен бірге жұмыс істеп жүргенімізге алты жыл болды, бұрын оның жаттығу жиындарына келетінмін. Қазір ол мен үшін әкемдей. Ол менің бас жаттықтырушым ретінде, жақсырақ болуым үшін бәрін жасайды, бізде өте жақсы “коннект” бар, бір-бірімізді жақсы түсінеміз, компромисс табамыз, бірге алға жылжимыз. Менің жанымда осындай кәсіби және тамаша жаттықтырушы бар екеніне қуаныштымын”, — деді Михаил.

Француздағы жарыстардан кейін Қазақстандық мәнерлес сырғанаушы туған қаласында қысқа уақыттық жаттығу жиынын өткізетін болады.

“К келесі кезеңге Алматыда дайындалатын боламын, артистикалық және техникалық бөліктерді жақсартуға көңіл бөлеміз, төрешілер де Анжедағымен салыстырғанда төмен ұпай қоюға ешқандай себеп болмауы керек. Тынымсыз жұмыс істеп, Қытайдағы кезеңде Франциямен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын”, — деп қосты спортшы.

22-24 қараша аралығында Қытайдың Чунцин қаласында Гран-придің келесі кезеңі өтеді.

Ал Франциядағы ISU Гран-придінің Анжедегі кезеңінің қорытындысы бойынша Михаил Шайдоров төртінші орынды иеленді.

Қазіргі уақытта қазақстандық мәнерлес сырғанаушы ISU әлемдік рейтингінде 10-орында тұр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie