Мәнерлеп сырғанаушы Данил Пак Қазақстан құрамасы атынан шығуды неге тоқтатқанын айтты
Мәнерлеп сырғанаушы Данил Пак Қазақстанның спорттық азаматтығынан бас тарту туралы мәлімдеме жасады. Қазір Пак жарыстарға Түркия атынан шығады.
"Өкінішке қарай, Қазақстанның мәнерлеп сырғанау федерациясы мені ешқашан қолдамады. Мәскеудегі барлық жаттығулар, барлық жарыстарды анам төледі. Тіпті кіші Гран-приге ұшу үшін ұшақ билеттерін федерация емес, анам сатып алды... Бастапқыда және осы уақытқа дейін мен Қазақстан үшін өнер көрсеткім келді және келеді. Бірақ, өкінішке қарай, біздің федерациядан қолдау болмағандықтан және жоқ болғандықтан, біз басқа елдердің Федерациясына көшу туралы нұсқаны қарастыра бастадық", - деді Пак
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның 18 жасар тумасы мұз үстінде би билейді. Данил Алматыда мәнерлеп сырғанаумен айналыса бастады және 2022 жылға дейін халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан өнер көрсетті.
ММА
Бүгін 14:44