"Мұнда өнер көрсеткен ұнайды": Шайдаров Қытайда өткен Гран-приден кейін мәлімдеме жасады
Михаил Шайдаров Қытайдағы Гран-при кезеңіндегі өнеріне қатысты пікір білдірді.
“Бұл керемет сезім. Бағдарламаны таза орындадым, бірақ хореографиялық элементте аздап қателік жіберіп алдым, сондықтан ұпайларым шегерілді. Дегенмен, бұл аса маңызды емес деп ойлаймын, себебі сол кезде мұздың жағдайы онша жақсы болмады. Болашақта бұл элементті жақсартып, оның жылдамдығын арттырамын.
Сонымен қатар, соңғы үш күнде 3А+4Т каскады маған мүлде орындалмай жүрген еді. Ол жаттығуда да, қыздыру кезінде де болмады. Бірақ бастысы — мен оны прокат кезінде орындап шықтым.
Мұнда өнер көрсеткен ұнайды. Мұз айдыны өте ыңғайлы. Былтыр осы мұзда екі үздік нәтижемді тіркеп едім, осы жолы да соны қайталай алдым”, — деді Шайдаров Goldenskate-ке берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, 23 қарашада Михаил Шайдаров Қытайдағы Гран-приде еркін бағдарламасын жоғары деңгейде орындап, жалпы есепте екінші орынды иеленді.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:07
Теннис
Бүгін 01:30