locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әмір Мұратбеков пен Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада ойындарының финалына шықты

Басқа спорт түрлері 05 қыр 2024 05:20
Люба Рябинина
Люба Рябинина
sports24 сарапшы
Әмір Мұратбеков пен Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада ойындарының финалына шықты

Қазақстандық спортшылар Әмір Мұратбеков пен Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада ойындарының финалына сенімді түрде өтіп, іріктеу кезеңінде жоғары нәтижелер мен рекордтар тіркеді.

Әміре Мұратбеков SB11 сснатында 100 метр қашықтықта брасспен өнер көрсетіп, 1:21.66 уақыт көрсетті, бұл оған финалға шығуғп мүмкіндік берді. Финалдық жүзу бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21:01-де басталады.

Сол қашықтықта SB13 сыныбында өнер көрсеткен Нұрдәулет Жұмағали 1:05.11 нәтижесімен бірінші болып, финалға шықты және Азияның жаңа рекордын орнатты.