Милад Карими Каирдегі әлем кубогы кезеңінде екінші рет финалға шықты
Басқа спорт түрлері
27 сәу 2025 00:26

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Қазақстандық спорттық гимнаст Милад Карими Каирде (Египет) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде екінші финалға сәтті жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жолы Карими кермедегі жаттығуда жоғары нәтиже көрсетіп, 14,066 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде бірінші орын алды. Бұған дейін, 25 сәуір күні, ол еркін жаттығулардағы іріктеуде де көш бастап еді.
Сондай-ақ, ат үстіндегі жаттығу бойынша Нариман Құрбанов пен Зейнолла Идрисов финалда жүлдеге таласатын болады. Ал Алтынхан Темірбек тіреуішпен секіруден 13-орын алып, финалға өте алмады.
Финалдық бәсекелер 27 және 28 сәуір күндері өтеді.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек