locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Михаил Шайдоров Франциядағы Гран-при кезеңінде жеңіс тұғырына шыға алмай, төртінші орын иеленді

Басқа спорт түрлері 03 қара 2024 00:22
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Михаил Шайдоров Франциядағы Гран-при кезеңінде жеңіс тұғырына шыға алмай, төртінші орын иеленді
ФОТО: IG Михаил Шайдоров

Қазақстанның ерлер арасындағы жеке санаттағы қазіргі чемпионы Михаил Шайдаров ISU Гран-приінің Анже кезеңінде жүлделі орыннан сәл ғана артта қалды.

Францияның Анже қаласында өткен жарыста Шайдаров қысқа бағдарламадан кейін алтыншы орында тұрды. Еркін бағдарламада бірнеше қате жіберіп, бесінші нәтиже көрсетіп, 151,97 ұпай жинады. Жалпы 231,86 ұпаймен 20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы төртінші орынды иеленді, үшінші орынға небәрі екі ұпай жетпей қалды. Жеке санаттағы жеңісті қысқа бағдарламадан кейін сегізінші орында тұрған Еуропа чемпионы француз Адам Сяо Хим Фа (246,58) иеленді. Күміс жапондық Косиро Симадаға (233,84), ал қола американдық Эндрю Торгашевке (233,64) бұйырды.

Шайдаров – осы маусымда Гран-при сериясында Қазақстанның барлық санаттағы жалғыз өкілі. Қараша айында ол Қытайдағы кезеңде өнер көрсетеді. Халықаралық серияның финалына жалпы есепте үздік алты нәтиже көрсеткен спортшылар өтеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie