locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

Басқа спорт түрлері Бүгін 11:47
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Қазақстан командасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Астанада өтіп жатқан Денис Тен мемориалында топ жарып, «алтын» алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спортшы бірінші орын алып қана қоймай, сондай-ақ қысқа бағдарламада 95,50 ұпай жинап, жеке рекордқа қол жеткізді.

Шайдоров еркін бағдарламаны орындау кезінде төрешілерден 166,83 ұпай алды. Жалпы есеппен ол 262,33 балл жинаған.

Екінші орынға 246,00 ұпаймен әзербайжандық Литвинцев табан тіреді. Ал қола жүлде Ника Егадзеге (Грузия) бұйырды – 242,43.