locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Маусым басындағы алғашқы жүлделер: Панфилов қазақстандық конькишілердің жетістігі жайлы

Басқа спорт түрлері 19 қара 2024 09:38
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Маусым басындағы алғашқы жүлделер: Панфилов қазақстандық конькишілердің жетістігі жайлы
ФОТО: olympic.kz

Қазақстанның конькимен жүгіру спорты бойынша құрамасы жаңа маусымды алғашқы ресми жарысымен бастады. Команданың бас бапкері Александр Панфилов спортшылардың нәтижелерін бағалап, жас конькишілердің деңгейіне тоқталды.

"Алғашқы халықаралық жарыс табысты болды. Құрамамыз толық медаль жиынтығын жеңіп алды. Алғашқы күні әйелдер арасындағы командалық сында қола медалді Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова иеленді.

Ерлер арасында осы дисциплинада жағдай қиынырақ. Қазіргі таңда жігіттер бой үйретуде және біз ең үздік әрі үйлесімді құрамды іздестірудеміз. Қазір бес үміткер бар. Хатинохеде жаттықтырушылар штабы жас спортшы Андрей Семеновқа өз мүмкіндігін көрсетуге мүмкіндік берді. Өкінішке қарай, ол өзіне жүктелген тапсырманы психологиялық тұрғыдан орындай алмады. Сондықтан біз Андрейді одан әрі дайындық үшін жастар құрамасына жіберу туралы шешім қабылдадық. Ол енді жасөспірімдер арасында өтетін Әлем кубогы кезеңдеріне қатысады. Оған халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтау және физикалық дайындығын жақсарту қажет.

Аталған дисциплинада әлем үздіктерінің бірі саналатын Евгений Кошкин жарысқа қатыса алмады. Жарысқа үш күн қалғанда Кошкинде жұқпалы ауру белгілері байқалып, дене қызуы көтерілді. Команда дәрігері Евгенийді жарыстың екінші күніне дейін қалпына келтіруге бар күшін салды. Екінші күні 500 метрлік қашықтықта өткен жарысқа қатысты. Бұл қашықтық оның мықты тұсы еді.Алайда Кошкин төртінші орын алды, тек әлем чемпиондарына ғана жол берді. Тағы бір жағымды жайт – Евгенийдің қазіргі таңда осы қашықтық бойынша әлемдік рейтингте төртінші орында тұрғаны.

Алтай Жәрдембекұлының ілгері жылжуы ерекше қуантады. 500 метрлік қашықтықта ол тоғызыншы орынға ие болып, тамаша нәтиже көрсетті. 1000 метрлік қашықтықты да жоғары деңгейде жүгіріп өтті. Өткен жылмен салыстырғанда оның деңгейі айтарлықтай өскенін байқауға болады. Оның үстіне, өткен маусым ол үшін ұлттық құрамадағы дебюттік жыл болған едi",- деп келтіреді бапкердің сөзін Olympic.kz.

Айта кетейік, Жапонияның Хатинохе қаласында өткен төрт құрлық чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, оның ішінде бір алтын медаль бар.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie