"Мақсат алтын болды, бірақ күміс алдық" — Ниязбеков қазақстандық балуандардың өнер көрсетуі туралы
Қазақстандық еркін күресшілер әлем чемпионатында (U17) екі медаль еншіледі. Команданың аға бапкері Дәулет Ниязбеков басты мақсат алтын медаль жеңіп алу болғанын атап өтті.
Команда бұл мақсатқа жете алмаса да, ұлттық құраманың қоржынына екі күміс медаль алып келді. Бұл жөнінде Olympic.kz хабарлады.
"Біздің балуандар бірінші орын үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Олар бар күш-жігерін салып күресті. Өткен жылғы әлем чемпионатынан кейін біз осы жарыстарға қарқынды дайындалдық.
Біз Ресейдегі турнирлерге қатысып, болжам жасадық. Болжам бойынша, Бекасыл Асамбек пен Едіге Қасымбек чемпион болады, алтын алады деп сендік.
Былтырғы әлем чемпионатында күмісті жеңіп алғаннан кейін Едіге алтын үшін күресті. Өкінішке қарай, ол аяғын жарақаттап алды, бұл нәтижеге әсер етті.
Бекасыл да жақсы күрескен. Біз бұл әлем чемпионатына толықтай дайын болдық. Енді жарыстарда жіберілген қателерді түзетіп, алдағы турнирлерге дайындаламыз", - деді Ниязбеков.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20