locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Малайзияда Х Азия – Тынық мұхиты ойындары басталды

Басқа спорт түрлері 02 жел 2024 23:43
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
Малайзияда Х Азия – Тынық мұхиты ойындары басталды
ФОТО: Instagram

2 - желтоқсанда Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Х Азия – Тынық мұхиты ойындарының ашылу салтанаты өтті. Спорттық жарысқа әлемнің 24 елінен 1300-ге жуық есту қабілеті зақымдалған спортшылар қатысып жатыр. Олар спорттың 10 түрінен, атап айтқанда, жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін және грек-рим күресі, үстел теннисі, бадминтон, шахмат, боулинг және футболдан өзара мықтыны анықтайды.

Қазақстан құрамасы сапынан бұл жарыста 80 спортшы өнер көрсетеді. Жерлестеріміз 8 спорт түрінен сынға түсуде: жеңіл атлетика, таэквондо, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, шахмат және үстел теннисі.

“Қазақстан құрамасы Азия – Тынық мұхиты ойындарына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Спортшыларымыз Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ыстықкөл және Бішкекте оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жарысқа тыңғылықты дайындықпен келді. Енді олардан жоғары нәтиже күтеміз. Спортшыларымыздың табысты өнер көрсетіп, ел намысын лайықты қорғайтынына сенімдімін”, – деді Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы спорт басқармасының басшысы Қайратбек Сейтбеков.

Азия – Тынық мұхиты ойындары 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie