locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Любовь Ковальчук жеңіспен оралды: дисквалификациядан кейінгі жеңіс

Басқа спорт түрлері 19 қара 2024 10:02
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Любовь Ковальчук жеңіспен оралды: дисквалификациядан кейінгі жеңіс
ФОТО: Любовь Ковальчук

Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында Любовь Ковальчук 16 айға созылған дисквалификациядан кейін чемпион атанды.

+87 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы 255 кг (110 кг – жұлқа көтеру, 145 кг – серпе көтеру) нәтижемен жеңіске жетті. Екінші орынды Жетісу облысының атлеті Аида Ибраим иеленді, оның жалпы көтерген салмағы – 182 кг (81 кг – жұлқа көтеру, 101 кг – серпе көтеру). Қола медальді Қызылорда облысының өкілі Сандуғаш Хауметова жеңіп алды, оның нәтижесі – 135 кг (60 кг – жұлқа көтеру, 75 кг – серпе көтеру).

Бұл турнир Ковальчук үшін допингке байланысты дисквалификациядан кейінгі алғашқы жарыс болды. 2023 жылы ол және 22 жастағы Андас Самарқанов допинг сынағынан өте алмаған болатын.

Құрлықтық турнирден кейін олардың сынамаларынан SARMS S-23 тыйым салынған препараты табылған еді. Спортшыларға төрт жылдық дисквалификация қаупі төніп тұрған болатын, алайда Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы тәуелсіз тексеріс жүргізіп, америкалық заңгердің көмегімен бұл препараттың спортшылардың ағзасына спорттық тағам арқылы түскенін дәлелдеді. Бұл тағамдарды бұрынғы ФТА РК командасы сатып алған екен.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie