locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Леон Маршан Сингапурда өткен Әлем кубогында әлемдік рекорд орнатып, тарихты қайта жазды

Басқа спорт түрлері 03 қара 2024 03:51
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Леон Маршан Сингапурда өткен Әлем кубогында әлемдік рекорд орнатып, тарихты қайта жазды
ФОТО: Getty images

Франциялық жүзгіш Леон Маршан Сингапурда өткен Әлем кубогы кезеңінде 200 метр қашықтықта кешенді жүзуден жаңа әлемдік рекорд орнатты. 22 жастағы спортшы қашықтықты 1 минут 48,88 секундта еңсерді.

Бұл қашықтықтағы алдыңғы рекорд америкалық Райан Лохтеге тиесілі еді (1:49,63) және оны 2012 жылдан бері ешкім бұза алмаған боатын. 200 метрлік қашықтықта екінші орынды британдық Дункан Скотт (1:51,14) иеленсе, қола медальді итальяндық Альберто Разетти (1:52,99) жеңіп алды.

Еске салайық, Леон Маршан 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында төрт алтын медаль жеңіп алып, әлемнің бес дүркін чемпионы атанды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie