locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына бірден екі қазақстандық дзюдошы енді

Басқа спорт түрлері 18 қыр 2024 11:52
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына бірден екі қазақстандық дзюдошы енді
ФОТО: KazJude

Қазақстан 48 келіге дейінгі дзюдошылардың әлемдік рейтингінің алғашқы ондығында ең көп спортшысы бар ел атанды.

Бұл рейтингті жаңартудан кейін мүмкін болды. 5778 ұпаймен 4-орынға жайғасқан Әбиба Әбужақынова қатарын Ғалия Тынбаева толықтырды.

Бұл салмақтағы үздік ондыққа екі дзюдошысы бар жалғыз ел – Қазақстан. Тізімнің көш басында 7 286 ұпаймен моңғолиялық Бавуудоржийн Баасанхүү тұр. Оның Париждегі Олимпиада ойындарында күміс, сондай-ақ соңғы әлем және Азия чемпионаттарында алтын медальдары бар.

Еске салайық, Париж өткен Олимпиада алдында Абиба рейтингте үшінші орынды иеленді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie