Әлемдік дзюдо жұлдызы жарақат алған қазақстандық спортшыға жанашырлық танытты


Әлемнің үздік дзюдошыларының бірі – жапониялық Гоки Тадзима жарақат алып қалған қазақстандық Меирлан Максимге қолдау білдіріп, жүрекжарды тілегін жеткізді, деп хабарлайды «Дзюдо Арт».
«Жарақат алғаныңа өкініштімін. Жақын арада сауығып кетуіңе тілектеспін. Сені татамиде асыға күтемін. Гоки», – деп жазды әлем чемпионы Меирлан Максимнің Instagram парақшасына.
Еске салсақ, дзюдодан әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақта Меирлан Максим алғашқы айналымда Доминикан Республикасының өкілі Роберто Флорентиноны жеңіп, 1/8 финалға жолдама алған еді.
Осы кезеңде ол әлемнің төрт дүркін чемпионы (оның үшеуі – командалық есепте) жапониялық Гоки Тадзимамен белдесті. Жекпе-жекте жеңісті Тадзима мерзімінен бұрын иеленді. Дәл осы белдесуде қазақстандық спортшы жарақат алып, жарысты жалғастыра алмады.
«Келесі жолы алтын әкелемін». Мейірлан Максим әлем чемпионатындағы жарақатынан кейін мәлімдеме жасады.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11