locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Легионерлерді қаржыландыру тоқтатылады: басты назар – жергілікті спортшыларды дамытуға арналады

Басқа спорт түрлері 14 қара 2024 01:58
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Легионерлерді қаржыландыру тоқтатылады: басты назар – жергілікті спортшыларды дамытуға арналады
ФОТО: БАРЫС ХК

2024 жылдың 13 қарашасында Мәжілісте Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзахметов легионерлерге жұмсалатын шығындар мен жергілікті спортшылардың дамуына жеткіліксіз көңіл бөліну мәселелері туралы сұрақтарға жауап берді. Министр бұл мәселені шешу үшін министрлік белсенді жұмыс жүргізіп, спорттық командалардың құрамын қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарау қажеттігін атап өтті.

“Қазақстанға келген легионерлер өте үлкен сомаларға келісімшарт жасасады, бірақ олардың көрсеткіштері бұл шығындарды ақтамайды және көбінесе көңіл қалдырады. Мұның бір мысалы - “Барыс” ХК. 2023-2024 маусымында ойыншылардың жалақылары біздің азаматтар үшін таңғаларлық жағдай болды. Канадалық хоккейшілер Эдвард Паскуале мен Алекс Грант сыйақыны қоспағанда, сәйкесінше 323 млн теңге және 288 млн теңге көлемінде жалақы алды.. Барлығы – халықтың қаражаты есебінен. Бүгін қаралған заң жобасында депутаттар шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет пен квазимемлекеттік сектордың қаражатынан қаржыландыруға тікелей тыйым салатын нормаларды енгізді. Бұл нормалар мақұлданып, қабылданды”, – деді министр.

Министрлікте легионерлерді қаржыландыруды тоқтатудан үнемделген қаражаттың қалай жұмсалатынын да нақтылады. Министр Ербол Мырзабосынов бұл қаражат балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталатынын айтты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie