Кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды
Басқа спорт түрлері
13 ақп 2025 04:27

Наурызбай Қанатұлы
sports24 сарапшы

Фото: olimpic.kz
Бүгін кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарының топтық кезеңін аяқтады.
Шешуші турда біздің спортшылар Қытайдың Гонконг командасымен ойнап, 8 эндтен кейін 6:3 есебімен басым түсті.
Біздің кёрлинг шеберлеріміз матчтың орта тұсына қарай айқын басымдық көрсеріп, ұпай қорын молайтып тастады.
Командамыздың құрамы - Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер*).
Енді біраздан кейін жартылай финалдағы қарсылас белгілі болады. Плей-офф кезеңіне Қазақстан, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея шықты.
Қазақстанның биатлон құрамасы Азиада-2025 жарысында эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 16:00

Футбол
Бүгін 15:46

Футбол
Бүгін 14:46
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек