Кёрлингтен Қазақстан ерлер командасы Азиададағы шешуші ойында жеңіліп қалды
Басқа спорт түрлері
13 ақп 2025 05:01

Наурызбай Қанатұлы
sports24 сарапшы

Фото: olimpic.kz
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында кёрлингтен еліміздің ерлер құрамасы А тобындағы соңғы ойынында күтпеген жерден Қытайдың Гонконгынан жеңіліп қалды. Есеп: 5-8.
Біздің спортшылар кездесуді сәтті бастаған. Алайда 6-шы және 7-эндте қарсыласқа есе жіберіп, басымдықты уыстан шығарып алды.
Біздің команданың құрамы: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Арман Ирджанов (Ермек Мұсайынов резервте)
Өкінішке қарай, осыған дейін топта Филиппин мен Оңтүстік Кореядан ұтылған командамыз плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Ал, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алған болатын.
Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жүлдегерлер анықталды
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 16:00

Футбол
Бүгін 15:46

Футбол
Бүгін 14:46
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек