Күрестен әлем чемпионаты: Қазақстан атынан Нұрқожа Қайпанов пен Жәмилә Бақбергенова қатысады
Қазан айының соңында күрес жанкүйерлерін екі ірі оқиға күтіп тұр: Албанияда екі әлем чемпионаты өтеді. Тиранада жастар арасындағы әлем чемпионаты, сондай-ақ олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынатын әлем чемпионаты өтеді.
Бұл турнир екінші рет өткізіліп отыр. Ол алғаш рет 2016 жылы UWW бастамасымен ұйымдастырылса, кейін жарыс Венгрияның Будапешт қаласында өтті.
Бұл чемпионат әдетте Олимпиада жылында өткізіледі, өйткені оның идеясы палуандарға Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірмейтін салмақ санаттарында күресуге мүмкіндік беру болып табылады. Айта кетейік, бұл турнир 2020 жылы пандемияға байланысты өтпеді.
Күрес түрлерінен алдағы әлем чемпионатында әр күрес стилі бойынша төрт салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталады:
- Еркін күрес: 61, 70, 79 және 92 келіге дейін;
- Әйелдер күресі: 55, 59, 65 және 72 келіге дейін;
- Грек-рим күресі: 55, 63, 72 және 82 келіге дейін.
Барлық дивизиондардың финалы бір күні өтеді: грек-рим күресінен жеңімпаздар 29 қазанда, әйелдер күресінен 30 қазанда, ал еркін күрес 31 қазанда аяқталады.
Қазақстандық балуандар қазірдің өзінде әлем чемпионатына қызу дайындалып жатыр. Еркін және әйелдер күресінен құрамы қазірдің өзінде анықталды, грек-рим күресінен қатысушылардың құрамы кейінірек белгілі болады.
Еркін күрес:
- 61 келі: Асыл Айтақын
- 70 келі: Нұрғожа Қайпанов
- 79 келі: Дәулет Ергеш
- 92 келі: Нұрдәулет Бекенов
Әйелдер күресі:
- 55 келі: Зульфия Яхьярова
- 59 келі: Диана Каюмова
- 65 келі: Ирина Казюлина
- 72 келі: Жәмила Бақбергенова
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52