Күміс медаль: Әмір Маймұратов Сеулде өтіп жатқан жарыста қанжығасын майлады
Әмір Маймұратов Сеулде өткен спорттық құзға өрмелеу жарыстарында күміс медаль жеңіп алды.
“Жылдамдық” дисциплинасының финалында қазақстандық спортшы қытайлық Синьшань Ванмен бақ сынасты. Маймұратов қате жіберіп, қабырғаға 10,60 секундта көтерілді, ал оның қарсыласының нәтижесі – 6,23 секунд болды.
Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, бұл 29 жастағы спортшының Әлем кубогындағы алғашқы медалі.
Дәл осы “жылдамдық” дисциплинасында Маймұратов 2024 жылғы Париж Олимпиадасында өнер көрсетті және ширек финалға дейін жетті. Париждегі Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы олимпиадалық рекорд орнатты (4,89 секунд), дегенмен бұл көрсеткіш сол жарыс барысында жаңартылды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20